Жатақханаға өтініш қабылдау қашан басталады?

Студенттің жатақханада тұруына өтініш беру мерзімі:

2022 жылғы 20-23 тамыз (қоса алғанда) аралығында.

Студенттерден жатақханада тұруға келіп түскен барлық өтініштерді саралау бойынша Университеттің Жатақханалардағы төсек-орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссия отырысы 2022 жылғы 24-25 тамызда өтеді. 

“Халықаралық туризм және меймандостық университеті” КЕ АҚ Жатақханалардағы төсек-орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссияның «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕ АҚ білім алушыларына жатақханадан төсек-орын беру тәртібі туралы ережені негізге алына отырып, шығарылған шешім университеттің ресми сайтында – 2022 жылғы 26 тамызда жарияланады.

Студенттің жатақханаға тұруы үшін қажетті құжаттар тізімі:

№1, 2, 3 жатақханаларда:

– Өтініш;

– студенттің жеке куәлігінің көшірмесі (шетелдік білім алушылар үшін – шетелдік паспорт);

– 075/У нысанындағы медициналық анықтама;

– флюорография суреті (түпнұсқа).