2022 жылдың 21 сәуір күні «Туризм және спорт» факультетінің 2021-2022 оқу жылына арналған оқу-әдістемелік семинар жоспары кестесіне сайкес «Қытайдың дәстүрлі күнтізбесі бойынша Қытай көктем мерекесі 1 қаңтар» атты «Қытай тілі А2» деңгейлі практикалық сабағының семинары өтті.
Семинарға университетіміздің Ғылым және оқу үдерісінің сапасын бақылау бөлімінің басшысы А.П. Ермухамедова, бөлімнің бас мамандары Г.Ж. Сыздыкова, Ж.А. Сейткулова, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі Э.Е. Альжанова, кафедра мәжілісінің хатшысы А.С. Азизбекова және «ХІТ en 20-01», «ХІТ 20-03», «ХІТ 20-05», «ХІТ tr 20-02», «МТД 20-01» тобының студенттері қатысты.
Семинар сабақты пән оқытушысы Қ. Қажатұлының жетекшілігімен студенттердің өздері ұйымдастырып өткізді.
Семинар сабақтың бірінші бөлімінде Қытайдағы кейбір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді білу үшін студенттер өздері дайындаған «Көктем мерекесі келе жатыр» атты эскизді қытай тілінде орындап шықты. Қойылым барысында студенттер ұйымдастырушылық, актерлық және тілдік шеберліктерін жан-жақты көрсете алды.
Екінші бөлімде студенттер Қазақстан қалаларын қытай тілінде таныстырды және үшінші бөлімде «Парталасым» әнін қытай тілінде шырқады.
Сабақ қорытындысы бойынша студенттердің өздерінен құралған әділқазылар алқасы 4 топтағы студенттерді бағалады. Пән оқытушысы Қ. Қажатұлы қытай тілі А1, А2 деңгейі бойынша қолданылған әдістеме және студенттердің осы екі оқу маусымында жеткен жетістіктері бойынша шағын қорытынды жасады.
Студенттердің қытай тілінің бастауыш деңгейінен коммуникативтік біліктілік қалыптастырғандығы, ауызша және жазбаша қарым-қатынас түрлерін жүзеге асыру, қытай тіліндегі мәтіндерді ақпараттық өңдеуді жүргізуге мүмкіндік беретін құзыреттерді дамыта алғандығы көрініп тұрды.
Қорытындылай келе «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі Э.Е. Альжанова семинар сабағына өте жоғары баға берді.