Интеллектуалды және білімді ұлтты қалыптастыру, жас ұрпақтың санасын жаңғырту басты мақсат. Осы орайда “Халықаралық туризм және меймандостық» университетінде ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.
Жамбыл мұрасы біздің руханиятымыздың өзегі болып табылады, бұл – біздің мәдениетіміз бен ғасырлық мұрамыз.
Шараға қатысқан университет ректоры Мурзамадиева Майнюра Саветқызы студенттерді қазақ ақынының шығармаларын құрметтеуге және оны кеңінен насихаттауға шақырды.
Кеште Ж. Жабаев мұражайына онлайн тур ұйымдастырылды. Мұражай қызметкерлері онлайн форматта ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Студенттер ақынның қандай мұра қалдырғанын, ақынның қандай жеке заттары музейде сақталғандығы туралы біліп, ол туралы тамсана тыңдады.
Жамбыл Жабаев тек поэзиямен ғана емес, шешендік өнермен де танымал болған.Оның шығармашылығын кешке қатысқан студенттер әр сөздің терең мағынасын түсіне отырып, ақынның өлеңдерін оқыды.