Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 2021 жылдың 25 ақпанында «Түркістандағы Туризм: идеялар мен даму перспективалары» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып өткізілді.
Конференцияның негізгі міндеті Түркістанда туризмді дамыту идеяларын қалыптастыру болды.
Конференцияға университеттің 50-ден астам студенттері мен оқытушылары қатысты.
Конференция аясында бағалау үшін командаларда жобалық жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің тәжірибелерімен, туристік өнімнің әзірлемелерімен бөлісіп, оларды таныстырды. Презентацияларды көріп, баяндамаларды тыңдағаннан кейін баяндамашыларға аудиторияны қызықтырған сұрақтар қойылып, студенттер мен оқытушылар белсенді қатысқан пікірталас орын алды. Қорытындылай келе, баяндамалардың дайындығының жоғары деңгейі атап өтілді. Конференция жұмысына қатысқан студенттерге дипломдар мен сертификаттар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыс етілді.