ҰБТ 10-шы Наурыздан басталады

ҰБТ 10-шы Наурыздан басталады

Сәлем талапкер!
Сіздермен соңғы жаңалықтарды бөліскелі отырмыз. Биыл ҰБТ 10-шы Наурыздан басталады. Ақылы бөлімге түсу үшін Наурыз ҰБТ компьютерлік форматта өтеді. ҰБТ-ға мына сілтеме бойынша тіркелуге болады app.testcenter.kz.
Пәндер саны өзгеріссіз қалады – үш міндетті және екі бейіндік. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ – ға қатысушылар 140 балл жинай алады.
«ҰБТ 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді. Тестілеу электрондық форматта «Бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша өтеді. Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі қамтамасыз етіледі. ҰБТ-да жалған тұлғаларды Алып тастау, тұлғаны цифрлық сәйкестендіру – Face ID мүмкіндік береді», – деп ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев атап өтті.
ҰБТ өткізу кезінде санитарлық талаптар сақталады.

Өтініштерді қабылдау уақыты

1 әрекет
5-30 Наурыз 2021
10 наурыз -10 сәуір 2021

2 әрекет
26-10 маусым
11 Сәуір – 30 маусым