2020 жылдың 14 желтоқсанында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстанның Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мейрамы» атты іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шараны студенттік ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырып, өткізді.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі.
Іс–шараның мақсаты – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихын еске алу, тарих алдында әркімнің жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өз Отанына деген патриоттық сезімді, азаматтық борыш, болашақ алдындағы жауапкершілік сезімдерін ояту.
Онлайн-шараға 1 курстың 50-ден астам студенттері, сондай-ақ университет оқытушылары қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын тыңдаудан басталды.
Университет ректоры Майнюра Саветовна Мурзамадиева салтанатты іс-шараны ашып, қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Іс-шара университет студенттерінің баяндама жасауымен жалғасты. Олар:
Іс-шара барысында Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері туралы бейнеролик көрсетілді.
Іс-шараны ғылыми орталықтың жетекшісі Найля Бақытбекқызы аяқтады. Ол барлығын мерекемен құттықтап, іс-шараға қатысқаны үшін алғысын білдірді.