«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» Кубогына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тоғызқұмалақ Ұлттық зияткерлік спорт түрінен халықаралық онлайн турнирі

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» Кубогына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тоғызқұмалақ Ұлттық зияткерлік спорт түрінен халықаралық онлайн турнирі

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті Ұлттық спорт түрін халықаралық деңгейде таныту мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тоғызқұмалақтан халықаралық онлайн жарыс өткізеді. Турнир www.playok.com сайтта, сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін тоғызқұмалақ алаңында өтеді. 

Жарысқа Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Чехия, Ұлыбритания және басқа елдерден 500-ге жуық спортшы қатысады. Турнир Швейцария жүйесі бойынша 11 тур өтеді.

Онлайн турнир барысында дүниежүзілік федерацияның президенті Әлихан Мұхамедиұлы Бәйменовпен және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Майнюра Саветовна Мурзамадиевамен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда, олар ұлттық спортты одан әрі дамыту туралы өз ойларымен бөліседі.

 

Ұйымдастырушылар: Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және Халықаралық туризм және меймандостық университеті.

Өтетін орны:  www.playok.com  сайты, Түркістан қ., “Жастар ресурстық орталығы”, Б. Саттарханов 122 А

Өткізу күні мен уақыты:  2020 жылғдың, 15 желтоқсан күні, сағат: 15:00-19:00