Бүгін біздің сүйікті университетімізде Түркістан қаласы мектеп директорлары мен Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.У. Батырбекова ханымның қатысуымен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті.
Біздің басты мақсатымыз оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде талапкерлерге кәсіби бағдарлы қолдау көрсету. Сонымен қатар, талапкерлердің еңбекке саналы көзқарасын дамыту, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және қазіргі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау.
Кездесу барысында біз университетіміздің білім беру бағдарламаларының перспективаларын және шетелдік практикалардан, дуалды білім беруден және т.б. өту мүмкіндіктері туралы талқыладық.
Барлық мектеп директорлары мен қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Біз сіздерді әрдайым қолдаймыз.
Болашақ студенттерімізді асыға күтеміз.