Тіл мектебі

Мектеп миссиясы:

Отандық ғылым мен экономиканы ілгерілету мақсатында ұлттық және халықаралық кәсіби қоғамдастыққа қызмет етуге дайын болашақ туризм және спорт мамандарын қазақ тілі және шет тілдеріне сапалы үйрету.

Мектептің негізгі мақсаты:

Студенттердің қоғамдық және кәсіби қызмет үдерісінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау үшін шет тілдерін (қазақ, ағылшын, орыс, түрік және қытай) белсенді меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің шарттарын қалыптастыру және ұйымдастыру болып табылады.

Мектеп «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Шет тілі (ағылшын)», «English for Tourism Purposes I-II», «Іскерлік шет тілі (ағылшын)», «Минор 1. Халықаралық туризм индустриясына арналған шетел тілдері (түрік, қытай тілдерінде)», «Минор 2. Кәсіби мақсаттарға арнлаған шетел тілі (түрік, қытай тілі)» сияқты пәндер бойынша университеттің бакалавриат бағдарламасының студенттеріне дәріс беруді қамтамасыз етеді. 

Мектептің міндеттері:

  • тілдік пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
  • оқу үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды, сонымен қатар қашықтықтан оқытудың тиімді әдістерін қолдану;
  • оқыту сапасын арттыру;
  • шет тілдерін оқыту, «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасы негізінде үштілділікті дамыту;
  • патриоттық сезімді тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Біз туралы:

Мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы 35 адамнан тұрады, оның ішінде, 4 ғылым кандидаты, 8 PhD, 23 аға оқытушы, 4 магистр бар.


Мектеп директоры:

Мейрбеков Акылбек Кайратбекович – PhD, қауым. профессор.

E-mail: a.meiirbekov@iuth.edu.kz

 

Мектеп әдіскері:

Ахметова Гүлдана Құрбанбекқызы

E-mail: guldana.akhmetova@iuth.edu.kz