Қонақжайлылық мектебі

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Қонақжайлылық мектебі Болон декларациясына, кредиттік білім беру жүйесіне сәйкес бакалавриаттың 3 білім беру бағдарламасы бойынша және магистратураның 2 білім бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды:

  • 6B11101 Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру;
  • 6B11104 Қонақ үй және мейрамхана бизнесі;
  • 6В11109 Ивент менеджмент.

«7М111 – Қызмет көрсету саласы» кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламалары:

  • «7M11103 – Global Hospitality Management» (ғылыми-педагогикалық бағыт, 2 жыл);
  • «7M11104 – Global Hospitality Management» (мамандандырылған бағыт, 1 жыл)

Мектепте жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді, бұл осы саланың дамуына ықпал етеді.

Мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы 2- ғылым докторы, 8 экономика ғылымдарының кандидаты, 4- PhD, 9- ғылым магистрлері және 5 тәжірибелі қонақжайлылық саласының практик мамандарынан тұрады.

Студенттердің білім деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік құрылымдардың, бизнес-ұйымдардың өкілдері оқу және ғылыми процеске тартылды. Сондай-ақ, 2025-2026 оқу жылына арналған оқу жоспарлары қазіргі заманғы экономикалық және өзге де өзгерістерді, бизнес өкілдерінің талаптарын, оның ішінде кәсіптік стандарт жобасының (“Атамекен”Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы әзірлеген) негізгі талаптарын ескере отырып әзірленді.

“Қонақ үй және мейрамхана бизнесі”, “Ивент-менеджмент” және “туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру” білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және отандық бизнес өкілдері  белсенді қатысады.

Теориялық білімді нығайту үшін мектепте дуальды білім беру жүйесі жұмыс істейді, онда қолданбалы сипаттағы кейбір дәрістер мен практикалық сабақтар «Каравансарай», «Top Tobe», «Hampton by Hilton», «Rixos» сияқты өндіріс базаларда жүргізіледі, бұл білім беру бағдарламаларының деректерін тереңірек зерттеуге ықпал етеді. Сондай-ақ, білім алушыларға жазғы демалыста шарттар жасалған Шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибелері негізінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.

Мектеп Директоры:

Алимкулова Эльвира Сихимовна – Қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, э.ғ.к

  • E-mail: e.alimkulova@iuth.edu.kz
  • тел.: +77082787171

Мектеп әдіскерлері:

Кусбатырова Рабига Нурмановна

  • E-mail: r.kusbatyrova@iuth.edu.kz
  • тел.: +7 771 307 0680

Абылова Молдир Курбаноқызы

  • E-mail: moldir.abylova@iuth.edu.kz
  • тел.: +7 777 104 9910

Білім беру бағдарламалары

Қонақжайлылық мектебі студенттерді келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқытады:
6B11101 Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру;
6B11104 Қонақ үй және мейрамхана бизнесі;
6В11109 Ивент менеджмент.
Қонақжайлылық мектебі
«7М111 – Қызмет көрсету саласы» кадрларды даярлау бағыты бойынша келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқытады:
7M11103 – Жаһандық қонақжайлылық менеджменті (ғылыми-педагогикалық бағыт, 2 жыл);
7M11104 – Жаһандық қонақжайлылық менеджменті (мамандандырылған бағыт, 1 жыл)

Міндетті пәндер

Бейіндеуші пәндер:
6B11101 Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру:

Гастрономиялық туризм;
Экологиялық туризм;
MICE туризм;
Этнотуризм;
Туризм мен қонақжайлылықтағы жасанды интеллект;
Менеджмент в индустрии туризма;
HR менеджменті;
Ивент-менеджмент;
Туристік бизнесті ұйымдастыру және басқару;
Қонақ үй бизнесіндегі инновациялар мен трендтер;
Бренд-менеджмент;
Бизнесті жоспарлау және жобалау;
Стандарттау және сапаны басқару;

«6B11104 Қонақ үй және мейрамхана бизнесі»:
Тауартану және тамақ өнімдерін сараптау;
Қазақ тағамдарын дайындау технологиясы;
Гастрономиялық туризм;
Рационалды тамақтану негіздері;
Мейрамхана және қонақ үй бизнесінің менеджменті;
HR менеджменті;
Қонақжайлылық индустриясындағы жасанды интеллект;
Қонақжайлылық индустриясында тамақтануды ұйымдастыру;
Ивент-менеджмент;
HoReCa саласындағы сторителинг және брендинг;
Бизнесті жоспарлау және жобалау;
Стандарттау және сапаны басқару;
Қонақ үй бизнесіндегі инновациялар мен трендтер.

«6В11109 Ивент менеджмент»:
Мерекелерді ұйымдастыруда іс жүргізу;
Еvent-индустриясындағы жасанды интеллект;
Еvent-индустриясындағы HR;
Қонақ психологиясы және ивент-индустриядағы клиенттік сервис;
Стратегиялық менеджмент;
Іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету;
Іс-шараларды ұйымдастыру және басқару;
Іс-шараларды визуалды безендіру;
Ивент индустриясындағы тұрақты даму;
Digital-ивент және онлайн іс-шаралар;
Кейтеринг;
Жобалық менеджмент;
Бренд-менеджмент;

Жеке білімнің траекториясы

Жеке білім беру траекториясы бүгінде жоғары білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Студенттерге өздерінің қызығушылықтары мен уақыт талабына сай келетін пәндерді таңдап, өз бетінше білім беру бағдарламасын құруға мүмкіндік беру білім беру сапасын, демек, түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Қонақжайлылық мектебі келесі білім беру траекторияларын ұсынады:
«6B11101 Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру»;
Траектория 1 – Қонақжайлылық:
Қонақ үй шаруашылығы, Мейрамхана ісі, Гастрономиялық трендтер, Бар ісі және эногастрономия, Қонақжайлылықтағы брондау жүйесі, Қаржы және шығындарды бақылау.

Траектория 2 – Туризм:

Туризм инфрақұрылымы, Туризмдегі құқықтық реттеу, Туристік өнімді жоспарлау және ұйымдастыру, Туристік формальдылықтар, Балалар мен жасөспірімдер туризмін ұйымдастыру, Туризмдегі SMM және PR.

«6B11104 Қонақ үй және мейрамхана бизнесі»; Траектория Қонақ үй менеджменті:
Қонақ үй шаруашылығы;
Қонақтарды қабылдау және орналастыру бөлімінің операциялық рәсімдері;
Шаруашылық бөлімдерінің операциялық рәсімдері;
Тамақ және сусындар бөлімі;
Бөлмелерді брондау және кірістерді басқару;
Қаржы және шығындарды бақылау.
Траектория 2 – Мейрамхана менеджменті:
Әлемдік гастрономия;
Гастрономиялық трендтер;
Мейрамхана ісі;
Бар ісі және эногастрономия;
Аспаздық өнер және менеджмент;
Фуд-стайлинг және фотосурет

«6В11109 Ивент менеджмент»
Траектория 1 – Корпоративтік ивент-менеджмент:
MICE туризм;
Келіссөздер мен сату өнері;
Клубтық менеджмент;
Келісімшарттарды басқару;
Шығармашылық менеджмент;
Режиссура және продюсерлік.

Траектория 2 – Мәдени-ойын-сауық ивент-менеджмент:
Мәдени-бұқаралық ойын-сауықты басқару;
Тәуекелдерді басқару;
Анимациялық қызмет;
Балалар мен жасөспірімдерге арналған іс-шараларды үйлестіру;
Қоғамдық іс-шараларды қорғау және қауіпсіздігі;
Инновациялық менеджмент.

Кәсіби тәжірибе

Кәсіби тәжірибе
Студенттердің өндірістік (кәсіби) практикасы оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және студенттердің оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын бекітуге және тереңдетуге, сондай-ақ мамандық бойынша кәсіптік дағдылар мен бастапқы кәсіптік тәжірибе жүйесін меңгеруге бағытталған. Студенттердің аккредиттелген БББ-дағы оқу және кәсіптік практикасы жоғары білікті мамандарды дайындауға сәйкес келеді және белгіленген тәртіппен ЖОО-ға бекітілген мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады. Студенттердің оқу және кәсіптік практикасы БББ мамандығы бойынша оқытудың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады.

MINOR

Қосымша білім беру бағдарламасы (Minor) – бұл студенттің негізгі білім беру бағдарламасы (Major) шеңберінде қатар алып жүре алатын, бейіндік немесе пәнаралық бағыттағы оқыту траекториясы. Minor бағдарламасы студентке өзінің кәсіби және академиялық көкжиегін кеңейтуге, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ қосымша құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік береді. Жоғары оқу орны білім алушыларға жеке білім беру траекториясын құру аясында қосымша білім беру бағдарламаларын таңдауға жағдай жасайды, бұл білім беру үдерісін тұлғалық бағытталған және икемді етуге бағытталған.
Minor 1-ші курстан кейін қосымша білім беру бағдарламаларының каталогынан таңдалады, әр түрлі пәндік салаларда қосымша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
қонақжайлылық мектебі келесі кіші бағдарламаларды ұсынады:
1. Қонақ үй менеджменті – Қонақ үй шаруашылығы және Қонақ үйді басқару пәндері бойынша білімін жетілдіреді;
2. Мейрамхана менеджменті – Мейрамхана ісі және Аспаздық шеберлілік және әлемдік гастрономия;
3. Ивент- менеджмент – Іс шараларды ұйымдастыру және Кейтеринг;