Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдарды ғылым мен техниканы дамыту мәселелерін, Университетіміздің ғылыми әлуетін дамыту мәселелерін шешуге тарту үшін, жас ғалымдар проблемаларын шешу тиімділігін арттыру үшін Халықаралық туризм және меймандостық университеті (әрі қарай – ХТжМУ) негізінде 2022 жылы қазан айында Жас ғалымдар кеңесі құрылды.

Кеңестің негізгі міндеттері:

  • университеттің жас ғалымдарын біріктіру;
  • жас ғалымдарға кәсіби деңгейлерін арттыру үшін жәрдемдесу;
  • ғылыми әлеуеттерін дамыту және олардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру;
  • ХТжМУ жас ғалымдарының кәсіби, интеллектуалдық мүдделері мен құқықтарын  қорғау және іске асыру;
  • ғылыми білімді және соңғы ғылыми жетістіктерді насихаттау.
  • басқа ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының кеңестерімен байланыстар желісін қалыптастыру және кеңейту.

Жас ғалымдар кеңесінің құрамы:

  1. Қожан Алмат Әмірбекұлы – төраға, PhD, Гуманитарлық мектебінің аға оқытушысы;
  2. Ниязов Нурдаулет Абилдаевич төрағаның орынбасары, Гуманитарлық мектебінің аға оқытушысы;
  3. Тагманов Урманбек Сарманович – Туризм мектебінің PhD, қауымдастырылған профессор м.а.;
  4. Джаксиликов Алмас Ілесбайұлы – Туризм мектебінің аға оқытушысы;
  5. Агниязов Биржан Ерболович – Қонақжайлылық мектебінің оқытушысы;
  6. Тасқынбек Қазына Қанатқызы – Қонақжайлылық мектебінің оқытушысы;
  7. Омаров Нурлан Болатович – Дене шынықтыру және спорт мектебінің аға оқытушысы;
  8. Сабденбеков Ерлан Ускенбаевич – Дене шынықтыру және спорт мектебінің аға оқытушысы;
  9. Берікқызы Ханшайым – Тіл мектебінің оқытушысы;
  10. Абдуллаева Махинур Садуллақызы – Тіл мектебінің оқытушысы;
  11. Аметов Қазыбек Смаилұлы – MGHMeng 25-01 тобының магистранты;
  12. Аманжолов Әліби Алтынбекович – IDT 25-01 тобының студенті;
  13. Шәріпбай Нұрай Бауыржанқызы – ТҚИҰeng 25-01 тобының студенті;
  14. Жумабек Ақтілек Умирбекқызы – СТ 25-01 тобының студенті;
  15. Тузулбаева Венера Есенмуратқызы – хатшы, МТМ 25-01 тобының магистранты.