Тіркеу кеңсесі

ТІРКЕУ КЕҢСЕСІНІҢ МАҚСАТЫ

Тіркеу кеңсе қызметінің негізгі мақсаты – білім алушының оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеу және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыру және оның академиялық рейтингісін есептеу болып табылады.

ТІРКЕУ КЕҢСЕСІ МІНДЕТТЕРІ

  • Университеттің басқа оқу бөлімдерімен бірлесе жұмыс жасай отырып, таңдалған оқу траекториясы бойынша білім алуда білім алушыларға жәрдемдесу: функцияларды сапалы орындау; жұмыстағы барынша ашықтық; қойылған міндеттерді уақтылы орындау.
  • Оқу процесін үйлестіру және мониторингілеу, оқу процесі шеңберінде университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес оқытудың барлық нысандары бойынша ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жүргізуді ұйымдастыру.
  • Білім алушыларға уақтылы және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

ТІРКЕУ КЕҢСЕСІНІҢ ФУНКЦИЯСЫ

  • білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын тіркеу және жүргізу процестерін басқару;
  • академиялық мәселелерде білім алушыларды қолдау;
  • оқытудың жеке траекториясын қалыптастыруды үйлестіру;
  • білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыру;
  • білім алушылардың академиялық рейтингін жасау;
  • бос білім беру гранттарын тағайындау үшін құжаттарды дайындау;
  • жазғы семестрді ұйымдастыру;
  • білім алушылар контингентінің қозғалысын тіркеу және есепке алу – басқа ЖОО – нан ауысулар, Университет ішіндегі ауысулар, курстан курсқа ауыстыру, қайта қабылдау, қайта курсқа тіркеу;
  • білім алушылар құрамы бойынша бұйрықтар мен ұсыныстар дайындау;
  • білім алушылар контингенті бойынша статистикалық және басқа да есептерді ұсыну;
  • білім алушылардың отбасыларының әлеуметтік статустары бойынша білім алушы екендігін растайтын анықтамалар беру;
  • дипломдарды, телнұсқаларды және олардың қосымшаларын ресімдеу, тіркеу және түлектерге беру;
  • білім алушылардың құжаттарын жүргізу және мұрағатқа дейін сақтау.

ТІРКЕУ КЕҢСЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Тіркеу кеңсе басшысы

Тұрғанбек Мөлдір Жорабекқызы

Ректорат, № 104/1 кабинет

moldir.turganbek@iuth.edu.kz

Тіркеу кеңсе бас-маманы

Бурханбаева Анжир Кайнарбековна

Ректорат, № 104/1 кабинет

anjir.burhanbaeva@iuth.edu.kz

Тіркеу кеңсе бас-маманы

Мырзаханов Жомарт Қалдарханович

Ректорат, № 104/1 кабинет

zh.myrzakhanov@iuth.edu.kz

Тіркеу кеңсе бас-маманы

Дауирбаева Нургуль Толегеновна

Ректорат, № 104/1 кабинет

n.dauirbaeva@iuth.edu.kz

Тіркеу кеңсе бас-маманы

Сырбаева Гүлшат Еламанқызы

Ректорат, № 104/1 кабинет

gulshat.syrbayeva@iuth.edu.kz