Шығармашылық емтихандар бойынша кеңес беру кестесін жүктеу
Шығармашылық емтихан қабылдау кестесін жүктеу
Шығармашылық емтихан ережесін жүктеу
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 B092 – Тынығу білім беру бағдарлама тобы бойынша шығармашылық емтихан бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде дайындалды.
1.2 Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.
1.3 Шығармашылық емтихан өткізілетін күндерді үлгі ережеде көрсетілген мерзімге сәйкес университет қабылдау комиссиясы белгілейді және шығармашылық емтихандар дәстүрлі форматта өткізіледі.
2.1 B092 – Тынығу білім беру бағдарлама тобы бойынша шығармашылық емтиханды қабылдау мақсаты мен міндеттері:
3.1 Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.
3.2 Грант негізінде құжаттар шығармашылық емтихан тапсыру үшін оқуға түсушілерден университетте күнтізбелік жылдың 20 маусым мен 22 шілде аралығында қабылданады.
– Грант негізінде шығармашылық емтихан шілде айының 30-жұлдызы мен тамыз айының 01 жұлдыздары аралығында өткізіледі.
3.3 Ақылы негізінде құжаттар шығармашылық емтихан тапсыру үшін оқуға түсушілерден университетте күнтізбелік жылдың 12-19 тамыз аралығында қабылданады.
– Ақылы негізінде шығармашылық емтихан тамыз айының 20-23 аралығында өткізіледі.
3.4 В092 – Тынығу білім беру бағдарлама тобы бойынша шығармашылық емтихандар тапсыру үшін, қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды өткізу қажет:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);
2) көлемі 3 x 4 сантиметр 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (ол болған жағдайда).
3.5 Шығармашылық емтихан қабылдауға екі күн қалғанда, комиссия талапкерлерге арналған емтиханды өткізу тәртібі мен ережелерін түсіндіру жұмысы тиісті аланда өткізеді.
3.6 Емтихан басталар алдында (30 минут бұрын) пәндік комиссия мүшелері жеке тұлғаны растайтын құжаттардың фотосуреті (пропуск) негізінде талапкердің тұлғасын анықтайды.
3.7 Талапкердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы міндетті.
3.8 Қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке басын сәйкестендіру рәсімінен кейін шығармашылық емтиханды қабылдауды бастайды.
3.9 Шығармашылық емтихан тапсыруға келмеген талапкерлерге ведомостқа «келмеді» деп жазылып балл қойылмайды.
3.10 В092-Тынығу білім беру бағдарламасының тобы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу формасы мен бағдарламасын Университет әзірлейді және Университеттің Қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
3.11 Шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу үшін «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор немесе оның міндетін атқарушы тұлға емтихан өткізу кезеңінде емтихан және апелляция комиссиясын құрады.
3.12 Емтихан комиссиясының құрамына аппеляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.
3.13 Комиссия тақ саннан тұрады және Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен Комиссия төрағасы сайланады. Комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
3.14 Емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихан тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор немесе оның міндетін атқарушы тұлға бұйрығымен Төрағасымен қоса алғанда, мүшелердің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
3.15 Аппеляцияға өтінішті аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады, ол шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, аппеляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.
3.16 Аппеляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы аппеляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Аппеляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Аппеляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
4.1 Бірінші шығармашылық емтихан «Орындау шеберлігі» бойынша Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқу-сауықтыру кешенінде тәжірибелік көрсетілім негізінде өтеді. Бұл жерде оқуға түсуші алдын ала өзінің дайындаған әртүрлі стильдегі 2-3 шығармасын орындап көрсетеді. Сонымен қоса олар төмендегі қойылымдарды орындауы керек:
4.2 6B11107 – Спорттық-сауықтыру фитнесі білім беру бағдарламасы бойынша тапсыратын емтихан түрлері.
6B11107 – Спорттық-сауықтыру фитнесі білім беру бағдарламасы бойынша тапсыратын емтихандар төмендегідей жалпы саны 50 балды құрайды.
Көпсайыс жаттығулары
| Жынысы
| Нормативтік талаптар мен сынақ балдары
| ||||||||||||||||
Берілетін балдары | 20 | 19 | 18 | 17 | 16 | 15 | 14 | 13 | 12 | 11 | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 | 5 | 0 | |
Белтемірде тартылу (саны) | Ерлер
| 16 | 15 | 14 | 13 | 12 | 11 | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 | 5 | 4 | 3 | 2 | 1 | 0 |
Арқада жатып кеудесін көтеру (пресс) 1 минутта | Әйелдер
| 40 | 35 | 30 | 28 | 26 | 24 | 22 | 20 | 18 | 17 | 16 | 15 | 14 | 13 | 12 | 11 | 10 |
6B11107 – Спорттық-сауықтыру фитнесі білім беру бағдарламасы бойынша І шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері
Бірінші шығармашылық емтихан бойынша бағалау көрсеткіштері төмендегідей бағаланады:
«15» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы өте жоғары. Орындалған би жаттығулар өте жоғары деңгейде, барлық қозғалыстар талапқа сәйкес орындалған. Дене мүшелерінің икемділігі (пластика) және қозғалыс координациясы өте жақсы. Есту, тыңдау, би қозғалысының есте сақтау қабілеті өте жоғары. Орындаушылық тәсілі өте жақсы. Музыкалық қабілеті жоғары. Ырғақ өлшемі қалыптасқан. Қол-аяқ қалыптары, денені ұстау, бас және бет пішін көрсету икемділігі өте жоғары.
«14–13» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техника заңдылықтары сақталған. Дене мүшелерінің икемділігі (пластика) және қозғалыс орнықты ұстау координациясы жақсы. Есту, тыңдау, би қозғалысының есте сақтау кабілеті жақсы. Орындаушылық тәсілі жақсы. Музыкалық қабілеті және ырғақ өлшемі жақсы. Қол-аяқ қалыптары, денені ұстау, бас және бет пішін көрсету икемділігі жақсы.
«12–11» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы орташа. Есту, тындау, би қозғалысының есте сақтау қабілеті орташа. Орындаушылық тәсілі орташа. Музыкалық қабілеті және ырғақ өлшемі орташа.
«10–8» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау кезінде дене мүшелерінін қозғалыстары орташа. Дене мүшелерінің икемділігі (пластика) орташа, кимылы орнықты, дене ұстау кезінде координациясының кемшіліктер бар. Би қозғалысының есте сақтау қабілеті жақсы. Ырғақ өлшемі қалыптасқан. Аяқ және қол қалыптары, денені қою, бас және бет пішін көрсету икемділігі орташа.
«7-5» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы төмен. Ырғақ өлшемі қалыптасқан. Аяқ және қол қалыптары, денені қою, бас және бет пішін көрсету икемділігі орташа.
«4-1» балл. Акробатикалық жаттығуларын орындау техникасы төмен. Би жаттығуларын төмен деңгейде. Жаттығуларды орындау қабілеті және координациясы жоқ. Дене мүшелерін қолдануы дұрыс емес.
4.3 «6B11106 – Спорттық туризм» білім беру бағдарламасы бойынша тапсыратын емтихан түрлері мен бағалау критерийлері.
Президенттік сынақ бойынша орындалатын жаттығулар 3 тапсырмалар бойынша төмендегі кестедегідей жалпы саны 50 балды құрайды.
Көпсайыс жаттығулары
| Жынысы
| Нормативтік талаптар мен сынақ балдары
| |||||||||||||||
Берілетін балдары | 20 | 19 | 18 | 17 | 16 | 15 | 14 | 13 | 12 | 11 | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 | 5 | |
Белтемірде тартылу (саны) | Ерлер
| 16 | 15 | 14 | 13 | 12 | 11 | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 | 5 | 4 | 3 | 2 | 1 |
Арқада жатып кеудесін көтеру (пресс) 1 минутта | Әйелдер
| 40 | 35 | 30 | 28 | 26 | 24 | 22 | 20 | 18 | 17 | 16 | 15 | 14 | 13 | 12 | 11 |
3х10 м қайталап жүгіру
| Берілетін балдары | 15 | 14 | 13 | 12 | 11 | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 | 5 | 4 | 3 | 2 | 1 | 0 |
Ерлер
| 8,0 | 8,4 | 8,6 | 8,7 | 8,9 | 9 | 9,2 | 9,4 | 9,6 | 9,8 | 10 | 10,2 | 10,4 | 10,6 | 10,8 | 11,0 | |
Әйелдер
| 9,0 | 9,4 | 9,6 | 9,7 | 9,9 | 10 | 10,2 | 10,4 | 10,6 | 10,8 | 11 | 11,2 | 11,4 | 11,6 | 11,8 | 12,0 | |
100 м. Жүгіру /сек/
| Берілетін балдары | 15 | 14 | 13 | 12 | 11 | 10 | 9 | 8 | 7 | 6 | 5 | 4 | 3 | 2 | 1 | 0 |
Ерлер
| 14,0 | 14,2 | 14,4 | 14,7 | 15,0 | 15,3 | 15,6 | 15,8 | 16,0 | 16,2 | 16,4 | 16,7 | 17,0 | 17,3 | 17,5 | 17,8 | |
Әйелдер
| 16,5 | 16,7 | 16,9 | 17,1 | 17,4 | 17,7 | 18,0 | 18,3 | 18,6 | 19,0 | 19,3 | 19,6 | 20,0 | 20,3 | 20,5 | 20,8 |
5.1 Екінші «Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері» бойынша арнайы емтихан Халықаралық туризм және меймандостық университетінің бас ғимаратында өтеді.
5.2 Әңгімелесу кезінде әр талапкер шығармашылық емтихан комиссиясының алдына жеке сұхбаттасу құрады. Жалпы танымдық сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің жан-жақты ой-өрісін байқатады. Талапкерлерге қойылатын бағдарлық ауызша сұрақтардың тізімін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы бекітеді.
5.3 Әңгімелесу емтиханы бойынша ең жоғары балл саны – 50.
5.4 Әнгімелесу бойынша 15 баллдан кем алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер емтиханнан өтпеді деп есептеледі.
5.5 Әңгімелесуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді, осы бағдарламада реттелмеген кейбір мәселелерді шығармашылық емтихан комиссиясының мүшелері өз беттерінше шешеді.
5.6 «6B11107 – Спорттық-сауықтыру фитнесі» білім бағдарламасы бойынша әңгімелесудің бағдарлық сұрақтар жобасы
5.7 «6B11106 – Спорттық туризм» білім бағдарламасы бойынша әңгімелесудің бағдарлық сұрақтар жобасы
5.8 Талапкердің интеллектісін, қызығушылығын және бейімділігін анықтау үшін комиссия мүшелері басқа да сұрақтар қоя алады.
5.9 Қойылған сұрақтар мен әр талапкердің жауабы хаттамаға енгізіледі. Бұл құжаттың соңына жауаптың қысқаша сипаттамасы және жалпы қорытынды беріледі. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.
ІІ шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері
50-40 ұпай («өте жақсы») – комиссия мүшелерінің барлық сұрақтарына толыққанды, нақты дәлел-мысалдармен егжей-тегжейлі, жатық әрі сауатты жауап берген талапкерге қойылады.
39-30 ұпай («жақсы») – комиссия мүшелері қойған сұрақтардың басым бөлігіне орташа жауап берген, азғана білімін көрсетіп, сұрақтың мәнін біршама ұғына алатын талапкерге қойылады.
29-15 ұпай («қанағаттанарлық») – комиссия мүшелері қойған сұрақтарға толық жауап бере алмаған, сұрақтан ауытқып мәнін ұғына алмаған талапкерге қойылады.
14-0 ұпай («қанағаттанарлықсыз») – комиссия мүшелері қойған сұрақтарға жауап бере алмаған, таңдаған мамандығы туралы хабарының мүлдем жоқ екендігін аңғартқан, дүниетанымы саяз екендігін көрсеткен талапкерге қойылады.