Рахымбердиев Данияр Сапарханұлы

daniyar.rakhymberdiyev@iuth.edu.kz
+77716149304

Рахымбердиев Данияр Сапарханұлы

Қауымдастырылған профессор м.а, медицина ғылымдарының кандидаты

Білімі:

  • 1991 – 1998 жылдары «Астана мемлекеттік медицина академиясы» «Емдеу ісі» мамандығын бітірді.
  • 1998 ж. (Қыркүйек-желтоқсан). Астана мемлекеттік медицина академиясында «Терапевт» мамандығы бойынша интернатура өтті.
  • 2000 – 2004 жылдары «Астана мемлекеттік медицина академиясы» «Патологиялық физиология» кафедрасының аға лаборанты, кейін ассистенті.
  • 2004 – 2005 жылдары «Астана мемлекеттік медицина академиясының» «№1 Ішкі аурулар» кафедрасының ассистенті қызметін атқарды.
  • 2005 – 2023 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Медицина» факультеті «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасының доцент міндетін және 2013 жылдан бастап «Симуляциялық орталық» басшысы қызметін атқарды.
  • 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап – Халықаралық туризм және меймандостық университеті «Дене шынықтыру және спорт» мектебінің қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы қызметінде.

Жарияланымдары:

Халықаралық және отандық жарияланымдары: 30 дан аса жарияланымдар, 3 оқу құралы,   32 оқу әдістемелік құрал, 1 авторлық куәлік.

Біліктілік арттыру курстары:

  1. Туркия республикасы, Кайсерия қаласы. РЖС университетінде 2018 жылы 2 апта көлемде біліктілік жетілдірді.
  2. «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау». Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті.
  3. Инклюзивті білім беру. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті.
  4. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті.

Оқытатын пәндері:

Анатомия және жас ерекшелік физиологиясы, Анатомия және спорттық морфология, Емдік денешынықтыру, Бейімделген дене шынықтырудағы дәрігерлік бақылау. Спорттық медицина.