Бір оқу жылы шеңберінде оқу үдерісін ұйымдастыру университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілетін Академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады.
Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы ішінде демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі.
Академиялық күнтізбеде оқу жылы ішінде оқу сабақтарын, аралық және қорытынды аттестаттауды, кәсіптік практикаларды және оқу жұмысының басқа да түрлерін өткізу кезеңдері, демалыс күндері (каникулдар мен мерекелер) көрсетіледі.
Әрбір академиялық кезең білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады. Әрбір академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың ұзақтығы кемінде 1 аптаны құрайды.
Кәсіптік практиканың негізгі түрлері оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып табылады. Практиканың ұзақтығы студенттің апта ішіндегі 30 сағатқа тең (5 күндік жұмыс аптасында күніне 6 сағат) практикадағы нормативтік жұмыс уақытына сүйене отырып, аптамен анықталады.
Басқа білім беру ұйымдарында білім алушылардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық берешегін немесе оқу жоспарларындағы айырмасын жою, оқу пәндерін зерделеу және өз жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, кредиттерін игеру, үлгерімнің орташа балын (GPA) арттыру, аралас немесе қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде қос дипломды білім беру шеңберінде меңгеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр (бітіру курсын қоспағанда) енгізуге рұқсат етіледі.