2020 жылдың 25 желтоқсанында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында «Туризм және сервис индустриясы: даму мәселелері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізудің басты мақсаты – туризм, қонақ үй бизнесі, сервис, спорт және басқа да байланысты салаларды дамыту, сондай-ақ туризм және сервис, спорт индустриясы үшін кәсіби мамандарды даярлау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Конференцияның негізгі бағыттары:
Конференция үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Ғылыми конференцияның модераторы – Hungary университетінің профессоры Лазло Васа болды. Негізгі спикерлер: Филиппин сауда флоты академиясының зерттеу және даму департаментінің директоры DR. FROILAN D., Венгрия профессоры, доктор Bulcsú REMÉNYIK, сондай – ақ Samarkand State University-ден Safarov Bakhadirkhan, Өзбекстаннан келген ғалым-әріптестер Safarov Bakhadirkhan, Mashhura Alimova, Sobirov Bobur Baxtishodovich және Қырғызстаннан келген ғалым – Исмаилова Наргиз Ризвановна.
Ұсынылған тезистер мен хабарламаларды сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша келесі журналдарда жариялау үшін материалдар іріктелетін болады:
Central Asian Journal of Innovations on Tourism Management and Finance
http://centralasianstudies.org
Конференцияға Халықаралық туризм және меймандостық университетінің өкілдері, сондай – ақ 80-нен астам ғалымдар, тәжірибелі мамандар, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей және Германия өкілдері және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Білім беру саласында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін, білім беру сапасын арттыру және оның әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне кірігу мүмкіндіктерін кеңейту үшін шешуші мәнге ие.
Осыған байланысты конференцияға қатысушылар Туризм және қызмет көрсету саласының өзекті мәселелерін, туристік қызмет көрсетуді, сервисті, спортты және басқа да аралас бағыттарды, ғылым мен өндірісті жаңғырту тетіктері мен нысандарын, туристік сала стандарттары негізінде жоғары білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау мәселелерін талқылады. Туристік білім беру мен өндіріске жаңа технологияларды енгізу мәселелері қаралды.
Жұмыс барысында конференцияға қатысушылар арасында туристік бизнесті дамыту бағыттарының әртүрлі аспектілері және оны әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында пайдалану перспективалары бойынша белсенді және жемісті пікір алмасу өтті.
Конференция неғұрлым берік іскерлік байланыстар орнатуға және Қазақстан Республикасының шет елдермен туризм саласындағы көпжақты байланыстарының бағыттарын айқындауға ықпал ететін болады.