
2026 жылғы 12 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай III Халықаралық жас ғалымдар конгресі өтті. Аталған халықаралық ғылыми іс-шараға Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқытушысы Қожан Алмат қатысты.
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған ауқымды ғылыми форум 12–13 қараша күндері «Ғылым ордасы» кешенінің базасында өтті. Алаң әлемнің 35-тен астам елінен, соның ішінде АҚШ, Қытай, Швеция, Түркия, Франция, Үндістан және басқа да мемлекеттердің жетекші сарапшыларын қосқанда, 1000-нан астам зерттеушінің басын қосты. Мерейтойлық конгрестің басты тақырыбы — ғылыми буындар сабақтастығы, зерттеу дәстүрлерін сақтау және елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы жас мамандардың рөлі болды.
Конгресс бағдарламасы аясында қатысушылар жаратылыстану ғылымдары, жасанды интеллект және «ақылды қалалардан» бастап, агробиоресурстар, экология және гуманитарлық білімді дамытуға дейінгі бес негізгі бағыт бойынша заманауи ғылымның өзекті сын-қатерлерін талқылады. Жас зерттеушілер үшін танымал шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен панельдік сессиялар, шеберлік сыныптары, сондай-ақ әртүрлі буындағы ғылыми мектеп өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің (IUTH) оқытушысы Алмат Қожанның конгресс жұмысына қатысуы Түркістанның университеттік ғылыми қауымдастығын беделді халықаралық аренада танытуға, әріптестерімен озық зерттеу тәжірибесімен алмасуға және алдағы пәнаралық жобалар үшін кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Екі күндік форум жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар отандық ғылымды дамыту және Қазақстанның жас зерттеушілерін қолдау жөнінде практикалық ұсынымдар әзірледі.