

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында университет қабырғасында қаламыздың ардақты ардагер қарияларымен тағылымды кездесу және мазмұнды кітап талқылау кеші ұйымдастырылды.
Тағылымы мол басқосуда кітаптың адам өміріндегі орны, рухани құндылықтар, ұлттық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығы кеңінен сөз болды. Ақыл-парасаты мен өмірлік тәжірибесі мол ардагерлеріміз өз ойларымен бөлісіп, оқыған шығармаларынан түйген әсерлері мен өнегелі пікірлерін ортаға салды.
Кездесу барысында кітап талқысына белсенді қатысып, мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісіп, рухани шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Искакова Зибагүл анамызға университет атынан арнайы Алғыс хат табысталып, кітап сыйға берілді. Кітап оқитын ұлт – рухы биік, санасы сергек, болашағы жарқын ұлт!

