Университет спортшылары – әлемдік дода жеңімпаздары!

24–25 қазан күндері Душанбеде (Тәжікстан Республикасы) жас спортшыларға арналған Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа Гран-при сериясының алғашқы турнирі – Hoji Sharif Dushanbe Junior Grand Prix 2026 өтті. Жаңа форматтың мақсаты – жас спортшылардың жасөспірімдер арасындағы турнирлерден ересектер арасындағы халықаралық жарыстарға өтуіне көмектесу. Қатысушылар рейтингтік ұпайлар жинап, халықаралық тәжірибе алады және ақшалай жүлделер үшін бақ сынайды. Университетіміздің студент-спортшылары да бұл турнирге қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті және жүлделі орындарға ие болды..

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • 1-орын – Маметов Сейтжан (60 кг салмақ дәрежесі).
  • 3-орын – Ахметова Салтанат (78 кг салмақ дәрежесі).
  • 3-орын – Абдукаримова Ұлбосын (48 кг салмақ дәрежесі).

Бұл жетістіктер – спортшыларымыздың табанды еңбегі мен жоғары дайындық деңгейінің нәтижесі.

Университетіміздің атынан спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!