

2026 жылғы 23 қазанда Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Campus France Kazakhstan өкілінің қатысуымен студенттерге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – білім алушыларды Франциядағы жоғары білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру және олардың халықаралық академиялық бағдарламалар туралы хабардарлығын арттыру.
Іс-шара барысында Alliance Française (Француз альянсы) Францияның жоғары білім беру жүйесі, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, француз және ағылшын тілдерінде білім алу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар оқуға түсу талаптары, құжат тапсыру тәртібі, оқу ақысы және шәкіртақы бағдарламалары таныстырылды. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан қажетті ақпарат пен кеңес алды.
Аталған іс-шара студенттердің халықаралық білім беру мүмкіндіктері туралы танымын кеңейтуге және академиялық дамуына жаңа бағыттар ашуға ықпал етуде маңызды рөл атқарады.




