

Бүгін оқу ордамызда 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өтті. Ұлттық мерекеміздің маңызын дәріптеп, елдік рухты асқақтатқан бұл жиын Әнұранмен ашылып, отаншылдық сезімге толы атмосферада өтті.
Салтанатты шара барысында университетіміздің дамуына, білім мен ғылым саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер мен оқытушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды. Бұл марапат – ұжымдастарымыздың қажырлы еңбегі мен кәсібилігіне деген құрметтің белгісі.
Мерекелік кештің сәнін келтірген патриоттық әндер мен театрландырылған қойылымдар көрерменге ерекше әсер сыйлады. Тарихымыз бен тәуелсіздігімізді жырлаған өнерпаздардың өнері жиналған қауымның қошаметіне бөленді.
Баршаңызды алдағы ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің тұғыры биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!




