Жастар арасындағы бокстан Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған ХІV халықаралық турнир

2026 жылғы 22 мамырда Түркістан қаласының «Olympic Center» спорт кешенінде Сидней Олимпиадасы мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жастар арасындағы бокстан ХІV халықаралық турнир аяқталды.

Университет білім алушылары жоғары нәтижелер көрсетті: Дүйсенбай Аян І орынды иеленсе, Отжан Сырым ІІІ орынға табан тіреді.Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын беделді халықаралық рингтегі осынау зор жетістіктерімен құттықтаймыз!

Бұл марапаттар боксшыларымыздың жоғары дайындық деңгейін, қажымас қайраты мен ерік-жігерін айқын дәлелдеді. Алтыннан алқа таққан Дүйсенбай Аянның батылдығы мен қола жүлдені місе тұтқан Отжан Сырымның төзімділігі баршаға үлгі-өнеге. Жаттықтырушыларға жоғары кәсіби шеберлігі, спортшыларды сапалы дайындағаны және отандық спортты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін терең алғысымызды білдіреміз.

Чемпиондарымызға бағындырған биіктерімен шектеліп қалмай, жаңа спорттық шыңдарды бағындыруды және әлемдік аренада еліміздің намысын абыроймен қорғауды тілейміз!