

2026 жылғы 1-15 мамыр аралығында BR28713129 «Қазақстанға ислам дінінің енуін және таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу» ғылыми жобасы аясында Түркия Республикасының Конья қаласында ғылыми іссапар ұйымдастырылды.
Іссапар барысында Конья қолжазбалар аймақтық басқармасы, Мәулана музейі, Селжұқ зерттеулер институты, Нежметтин Ербакан университеті және Селжұқ университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Ғалымдар Қазақстан аумағына ислам дінінің таралу тарихына қатысты араб және түркі тілдеріндегі жазба деректерді, қолжазба каталогтарын, ғылыми жарияланымдар мен зерттеу материалдарын жинақтап, жүйеледі. Сондай-ақ түркі-ислам өркениетінің мәтіндік мұрасы, сопылық дәстүр, исламдық білім беру жүйесі және Орталық Азия мен Анадолы арасындағы тарихи-мәдени байланыстар мәселелері талқыланды.
Іссапар қорытындысы бойынша халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу және жоба аясында ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік материалдар дайындау үшін маңызды дереккөздер базасы қалыптастырылды.


