Семинар. «Түркістан облысы киелі жерлерінің ақпараттық әлеуеті: зерттеудің негізгі бағыттары мен аралық нәтижелері». Гуманитарлық мектеп.

2026 жылғы 9 сәуір күні Ғылым апталығы аясында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Гуманитарлық мектептің профессоры м.а. Малдыбек А.Ж. «Түркістан облысындағы сакралды орындардың ақпараттық әлеуеті: зерттеудің негізгі бағыттары мен аралық нәтижелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

        Семинар барысында ғылыми жобаның негізгі бағыттары мен зерттеудің аралық нәтижелері таныстырылып, сакралды нысандардың өңірлік әлеуетін зерделеудің өзекті мәселелері талқыланды. Іс-шара мазмұнды пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Семинар мәдени мұраны зерттеудегі пәнаралық тәсілдің маңыздылығын растады. Жобаның алынған нәтижелері теориялық қана емес, сонымен қатар өңірлік туризм үшін жоғары қолданбалы құндылыққа ие. Мұндай кездесулер Университеттің мықты ғылыми-зерттеу базасын қалыптастыруға ықпал етеді және студент жастардың туған өлкені тануға деген қызығушылығын арттырады.