Ankara Sosyal Bilimler Üniversitesi-мен меморандум түзілді

Университетімізде Ankara Sosyal Bilimler Üniversitesi делегациясымен ресми кездесу өтті. Бұл маңызды іс-шара екі жоғары оқу орны арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу соңында  екі университет арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға (MOU) қол қойылды.