Білім беру бағдарламаларын халықаралық бағдарламалық аккредиттеу.

ХАҚ «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» білім беру бағдарламаларын Халықаралық бағдарламалық аккредиттеуден өткізу аясында 2026 жылғы 03–04 наурыз аралығында «Тәуелсіз қазақстандық аккредиттеу орталығы» (ТҚАО) НМ Сыртқы сарапшылық тобының сапары өтті. 2026 жылғы 31 наурызда өткен Аккредиттеу кеңесі отырысының қорытындысы бойынша келесідей шешім қабылданды:

ХАҚ «Халықаралық туризм және меймандостық университетінің» білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелсін.

Университет басшылығы ХАҚ «Халықаралық туризм және меймандостық университетін» Халықаралық бағдарламалық аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтайды және ұжымға бұдан былайғы тиімді қызмет пен жаңа жетістіктер тілейді!