Сыртқы сараптау комиссиясының сапары.

2026 жылғы 03–04 наурыз аралығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Тәуелсіз Қазақстандық аккредиттеу орталығының (ТҚАО) сарапшылар тобы жұмыс істеуде.

Мақсаты: Білім беру сапасының халықаралық стандарттарына сәйкестігін сыртқы бағалау және бағдарламалық аккредиттеуден өткізу.

Сапар бағдарламасында: Университет басшылығымен және оқытушылармен сұхбаттасу, білім алушылармен кездесулер, сондай-ақ оқу зертханалары мен корпустарын аралап көру жоспарланған.

Біз туризм және қонақжайлылық индустриясының көшбасшыларын даярлаудағы жетістіктерімізді көрсетуге дайынбыз!