2026-2027 оқу жылының күзгі триместріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау ашылды

Құрметті білім алушылар!

2026-2027 оқу жылының күзгі триместрінде 1-курста оқитын студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланады

Талаптар:

  • GPA деңгейі – 3.0 және жоғары
  • ағылшын тілі деңгейі – В1 деңгейінен төмен емес

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 01 сәуір 2026 жыл

Өтінім мен құжаттарды international.office@iuth.edu.kz поштасы арқылы жіберу қажет, сондай-ақ барлық құжаттардың түп нұсқасын №114 кабинетке (бас ғимарат) ұсыну қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • білім алушының нысан бойынша өтініші (жүктеу);
  • төлқұжаттың скан-көшірмесі;
  • ағымдағы оқу жылындағы үлгерім туралы транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
  • шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridge English, Duolingo);
  • нысан бойынша толтырылған сауалнама (жүктеу);
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелде білім алуға үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу);
  • қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаттар (бар болған жағдайда);
  • таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысқаны үшін иеленген грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  • нысан бойынша мотивациялық хат (жүктеу);
  • бар болған жағдайда үміткердің келесі санаттарға жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері:
    1. отбасы құрамы туралы құжат, студенттің көп балалы отбасынан екенін растайтын құжат;
    2. студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығысыз қалған студенттер санаты үшін); 
    3. студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары мен курстар тізімімен алдын ала танысуды сұраймыз. Таңдалған курстар тізімінің оқу бағдарламасымен сәйкестігі жөнінде мектеп директорымен келісу қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық бөлімімен электрондық пошта international.office@iuth.edu.kz, немесе № 114 кабинетке келу арқылы байланысуға болады.

 

Серіктес университеттердің тізімі ақпараттың түсуіне қарай жаңартылатын болады!!! Жаңартылған ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (№ 114 кабинет, бас ғимарат) келу арқылы алуға болады!!!

ЖОО атауы

Талаптар

Жатақхана

Қаржылық шарттар

Prince of Songkla University (Таиланд)

 

–      GPA деңгейі – 3.0 және жоғары

–      ағылшын тілі деңгейі – В1 деңгейінен төмен емес (растаушы құжат тапсыру қажет IELTS, TOEFL iBT)

 

Жатақхана қабылдаушы университет тарапынан қарастырылған, бірақ жекеменшік жатақханаларға орналастыру нұсқалары бар.

Қабылдау шарттары: оқу тегін, қалған шығыстарды студент өзін-өзі қаржыландыру арқылы өтейді (визалық шығыстар, медициналық сақтандыру, тамақтану, авиабилеттер және тұру).

Baltic International Academy (Латвия)

–      GPA деңгейі – 3.0 және жоғары

–      ағылшын тілі деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес (растаушы құжат тапсыру қажет IELTS, TOEFL iBT)

 

Жатақхана қабылдаушы университет тарапынан қарастырылмаған, бірақ жекеменшік жатақханаларға орналастыру нұсқалары бар.

Қабылдау шарттары: оқу тегін, қалған шығыстарды студент өзін-өзі қаржыландыру арқылы өтейді (визалық шығыстар, медициналық сақтандыру, тамақтану, авиабилеттер және тұру).

Heilbronn University of Applied Sciences (Германия)

–      GPA деңгейі – 3.0 және жоғары

–      ағылшын тілі деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес (растаушы құжат тапсыру қажет IELTS, TOEFL iBT)

 

Жатақхана қабылдаушы университет тарапынан қарастырылған, бірақ жекеменшік жатақханаларға орналастыру нұсқалары бар.

Қабылдау шарттары: оқу тегін, қалған шығыстарды студент өзін-өзі қаржыландыру арқылы өтейді (визалық шығыстар, медициналық сақтандыру, тамақтану, авиабилеттер және тұру).

Singidunum University (Сербия)

–      GPA деңгейі – 3.0 және жоғары

–      ағылшын тілі деңгейі – В1 деңгейінен төмен емес (растаушы құжат тапсыру қажет IELTS, TOEFL iBT)

 

 

Қабылдау шарттары: оқу тегін, қалған шығыстарды студент өзін-өзі қаржыландыру арқылы өтейді (визалық шығыстар, медициналық сақтандыру, тамақтану, авиабилеттер және тұру).

Pamukkale University (Түркия)

–      GPA деңгейі – 3.0 және жоғары

–      ағылшын тілі деңгейі – В1 деңгейінен төмен емес (растаушы құжат тапсыру қажет)

 

Иә, бар. Құны валюта бағамына байланысты айына 20.000 теңгеден басталады.

Қабылдау шарттары: оқу ақысы тегін, алайда өзге барлық шығындар (виза рәсімдеу, медициналық сақтандыру, тамақтану, әуе билеттері мен тұрғын үйге байланысты төлемдер) студенттің жеке қаражаты есебінен өтеледі.

Çanakkale University

(Түркия)

–      GPA деңгейі – 3.0 және жоғары

–      ағылшын тілі деңгейі – В1 деңгейінен төмен емес, түрік тілі деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес (растаушы құжат тапсыру қажет)

 

Жатақхана қабылдаушы университет тарапынан қарастырылмаған, бірақ жекеменшік жатақханаларға орналастыру нұсқалары бар.

Қабылдау шарттары: оқу ақысы тегін, алайда өзге барлық шығындар (виза рәсімдеу, медициналық сақтандыру, тамақтану, әуе билеттері мен тұрғын үйге байланысты төлемдер) студенттің жеке қаражаты есебінен өтеледі.

 

            Қосымша ақпарат

            Оқуға жіберілуі үшін академиялық және қаржылық қарызы жоқ студенттер ғана қатыса алады. Ақылы негізде оқитын студент оқу ақысын IUTH талаптарына сәйкес алдын ала төлеуі тиіс.

            Серіктес университеттен шақырту хатын алғаннан кейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі құжаттар тапсырылады:

  • Ректор атына жазылған ұтқырлық бағдарламасына жіберу туралы өтініш.
  • Жеке оқу жоспары. Пәндерді таңдау Бітіруші мектеп Директорының келісімімен және Оқу-әдістемелік кеңес отырысында бекітілуі керек. Серіктес университет ұсынған пәндер тізімінен мазмұны ұқсас міндетті пәндер таңдалып, олар студенттің мобильділік жүзеге асырылатын триместрінде меңгерілуі тиіс; таңдау пәндері кез келген болуы мүмкін, бірақ олардың түрі (жалпы білім беру / базалық / кәсіби) сәйкес келуі қажет. Кредиттер саны алдағы триместрде оқу жоспарына сәйкес меңгерілуі тиіс кредиттер санына тең болуы керек. Егер пәндер/кредит саны сәйкес келмесе, студент қайтып келгеннен кейін қажетті пәндерді меңгеруге өзі жауапты болады, қажет болған жағдайда қосымша ақы төлеуі мүмкін.
  • Оқу келісімі (Learning agreement). Үлгі нысаны серіктес университет тарапынан беріледі.

Студенттер виза орталықтарына/елшіліктерге/консулдықтарға құжаттарды өзі жеке тапсырады.

IUTH-қа оралғаннан кейін, Халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі құжаттар тапсырылады:

  • Серіктес университеттен алынған транскрипт.

Кредиттерді қайта есептеу серіктес университет ұсынған бағаларды IUTH бағалау жүйесіне бейімдегеннен кейін Мектеп Директоры тарапынан жүзеге асырылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей ұпай жинаған жағдайда басымдық мына санаттағы үміткерлерге беріледі:

  1. GPA көрсеткіші жоғары үміткерлерге;
  2. Шетел тілінен жоғары балл жинаған үміткерлерге;
  3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім студенттерге;
  4. Балалық шақтан мүгедектігі бар тұлғаларға және мүгедек балаларға;
  5. Көпбалалы отбасынан шыққан үміткерлерге.

Анықтама үшін байланыс: 8 778 618 74 72,international.office@iuth.edu.kz