
Шаршы алаңда өткен тартысты додаға еліміздің әр өңірінен келген 26 команда құрамындағы 364 волейболшы қыз қатысып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.
Алты күнге созылған бәсекеде аруларымыз жанкештілікпен ойнап, көрермендерге әсерлі әрі тартысты ойын үлгісін көрсете білді.
Жарыс қорытындысында үздіктер анықталып, жүлделі орындар өз иелерін тапты.
Барлық жеңімпаз және жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!