
Халықаралық туризм және меймандостық университетінде өтіп жатқан ХІІІ Жазғы Универсиада аясындағы ерлер арасындағы волейбол жарысы өз мәресіне жетті.
Бес күн бойы еліміздің жоғары оқу орындарынан келген 38 команда құрамындағы 398 студент волейбол алаңында шеберліктерін көрсетіп, нағыз тартысты әрі қызықты ойын өрнегін ұсынды.
Ала допты серік еткен спортшылар өзара бақ сынасып, жанкүйерлерге жоғары деңгейдегі бәсекелестікті сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз! Жас спортшыларға келешекте толағай табыстар тілейміз!