2025-2026 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау ашылды

Құрметті cтуденттер!

 

2025-2026 оқу жылының күзгі триместрінде 1-курста оқитын студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланады

Талаптар:

  • GPA деңгейі – 3.0 және жоғары
  • ағылшын тілі деңгейі – В1 деңгейінен төмен емес

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 14 сәуір 2025 жыл

Өтінім мен құжаттарды international.office@iuth.edu.kz поштасы арқылы жіберу қажет, сондай-ақ барлық құжаттардың түп нұсқасын №114 кабинетке (бас ғимарат) ұсыну қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • білім алушының нысан бойынша өтініші (жүктеу);
  • төлқұжаттың скан-көшірмесі;
  • ағымдағы оқу жылындағы үлгерім туралы транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
  • шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridge English, Duolingo);
  • нысан бойынша толтырылған сауалнама (жүктеу);
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелде білім алуға үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу);
  • қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаттар (бар болған жағдайда);
  • таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысқаны үшін иеленген грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  • бар болған жағдайда үміткердің келесі санаттарға жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері:
  • отбасы құрамы туралы құжат, студенттің көп балалы отбасынан екенін растайтын құжат;
  • студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығысыз қалған студенттер санаты үшін); 
  • студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары мен курстар тізімімен алдын ала танысуды сұраймыз. Таңдалған курстар тізімінің оқу бағдарламасымен сәйкестігі жөнінде мектеп директорымен келісу қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық бөлімімен электрондық пошта international.office@iuth.edu.kz, немесе № 114 кабинетке келу арқылы байланысуға болады.

 

Серіктес университеттердің тізімі ақпараттың түсуіне қарай жаңартылатын болады!!! Жаңартылған ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (№ 114 кабинет, бас ғимарат) келу арқылы алуға болады!!!

 

ЖОО атауы

Білім беру бағдарламасы / бағыты

Орындар саны

Қаржылық шарттар

Ankara Haci Bayram Veli University (Турция)

«В091 – Туризм»

 

2 орын

Қабылдау шарттары: оқу тегін, қалған шығыстарды студент өзін-өзі қаржыландыру арқылы өтейді (визалық шығыстар, медициналық сақтандыру, тамақтану, авиабилеттер және тұру).

Pamukkale University (Турция)

«В091 – Туризм»

 

 

2 орын

Қабылдау шарттары: оқу тегін, қалған шығыстарды студент өзін-өзі қаржыландыру арқылы өтейді (визалық шығыстар, медициналық сақтандыру, тамақтану, авиабилеттер және тұру).

Prince of Songkla University (Таиланд)

 

«В091 – Туризм»

«В093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»

2 орын

Қабылдау шарттары: оқу тегін, қалған шығыстарды студент өзін-өзі қаржыландыру арқылы өтейді (визалық шығыстар, медициналық сақтандыру, тамақтану, авиабилеттер және тұру).

Baltic International Academy (Латвия)

«В091 – Туризм»

 

2 орын

Қабылдау шарттары: оқу тегін, қалған шығыстарды студент өзін-өзі қаржыландыру арқылы өтейді (визалық шығыстар, медициналық сақтандыру, тамақтану, авиабилеттер және тұру).

Университет WSG в Быдгоще (Польша)

«В091 – Туризм»

 

2 орын

Қабылдау шарттары:

оқу ақылы, тұрумен бірге 4 айға 1800 еуроны құрайды.

Қалған шығындарды да студент өзі өтейді (виза шығындары, медициналық сақтандыру, тамақтану, әуе билеттері).

 

            Қосымша ақпарат

            Оқуға жіберілуі үшін академиялық және қаржылық қарызы жоқ студенттер ғана қатыса алады. Ақылы негізде оқитын студент оқу ақысын IUTH талаптарына сәйкес алдын ала төлеуі тиіс.

            Серіктес университеттен шақырту хатын алғаннан кейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі құжаттар тапсырылады:

  • Академиялық және ғылыми істер жөніндегі Вице-ректордың атына жазылған ұтқырлық бағдарламасына жіберу туралы өтініш.
  • Жеке оқу жоспары. Пәндерді таңдау Бітіруші мектеп Директорының келісімімен және Оқу-әдістемелік кеңес отырысында бекітілуі керек. Серіктес университет ұсынған пәндер тізімінен мазмұны ұқсас міндетті пәндер таңдалып, олар студенттің мобильділік жүзеге асырылатын триместрінде меңгерілуі тиіс; таңдау пәндері кез келген болуы мүмкін, бірақ олардың түрі (жалпы білім беру / базалық / кәсіби) сәйкес келуі қажет. Кредиттер саны алдағы триместрде оқу жоспарына сәйкес меңгерілуі тиіс кредиттер санына тең болуы керек. Егер пәндер/кредит саны сәйкес келмесе, студент қайтып келгеннен кейін қажетті пәндерді меңгеруге өзі жауапты болады, қажет болған жағдайда қосымша ақы төлеуі мүмкін.
  • Оқу келісімі (Learning agreement). Үлгі нысаны серіктес университет тарапынан беріледі.

Студенттер виза орталықтарына/елшіліктерге/консулдықтарға құжаттарды өзі жеке тапсырады.

IUTH-қа оралғаннан кейін, Халықаралық ынтымақтастық бөліміне келесі құжаттар тапсырылады:

  • IUTH-та оқуын қайта жалғастыру туралы өтініш,
  • Серіктес университеттен алынған транскрипт,
  • Академиялық ұтқырлық гранты (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылған жағдайда) бойынша қаржылық есеп құжаттары.

Кредиттерді қайта есептеу серіктес университет ұсынған бағаларды IUTH бағалау жүйесіне бейімдегеннен кейін Мектеп Директоры тарапынан жүзеге асырылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде тең ұпай жинаған жағдайда басымдық беріледі:

  • Жоғары GPA көрсеткіші бар үміткерлерге;
  • Шет тілінен жоғары балл жинаған үміткерлерге;
  • Жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;
  • Балалық шақтан мүгедектігі бар тұлғалар мен мүгедек балаларға;
  • Көп балалы отбасынан шыққан үміткерлерге.

Анықтама үшін байланыс: 8 778 618 74 72,  international.office@iuth.edu.kz