«ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КИЕЛІ ОРЫНДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ РУХАНИ – МӘДЕНИ БОЛМЫСЫНДАҒЫ ОРНЫ» атты Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы өтеді
Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінде «Түркістан облысындағы киелі орындардың қазақ халқы рухани-мәдени болмысындағы орны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өткізілетіні туралы хабарлаймыз.
Конференция AP23490104 «Түркістан облысындағы діни туризм нысандарының ақпараттық әлеуетін зерделеу: 4 тілде мультимедиялық интерактивті атлас әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру шеңберінде ҚР ҒЖБМ ҒК гранттық қаржыландыру және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 5 жылдық мерейтойы аясында өткізіледі.
Конференцияның мақсаты – Түркістан облысының мәдени-тарихи ескерткіштерін зерттеу және талқылау, Түркістанның рухани-мәдени бағытта дамуына ықпал ету және елдің діни туризмінің әлеуетін зерделеу.
Конференцияның негізгі бағыттары:
Түркістан тарихында исламға дейінгі және исламнан кейінгі киелі орындардың зерттелу аспектілері.
Қожа Ахмет Йасауи мен йасауилік тариқатымен байланысты зиярат орындарының рухани-құндылықтық маңыздылығы.
Түркістан облысының туристік әлеуетін көтеру: діни туризмді дамыту перспективалары.
Зиярат және туризм: әлемдік тенденциялар мен Қазақстанда дамыту тәжірибелері.
Конференцияны өткізу күні: 08.11.2024ж. , сағ. 11.00
Өткізу форматы: аралас (онлайн-офлайн).
Конференцияны өткізу орны: Түркістан қаласы, Халықаралық туризм жəне меймандостық университеті, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі 14А.
Назар аударыңыз:
Конференцияға қатысу үшін мақала 2024 жылдың 28 қазанға дейін жіберілуі тиіс;
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік;
Конференцияға қатысу тегін.
Баяндама мəтініне қойылатын талаптар:
Баяндаманың (мақаланың) көлемі 5-7 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс, шрифт – 12 MS Word бағдарламасы. Кестелер, диаграммалар, суреттер тақырыптарымен берілуі жəне Windows бағдарламасында жинақталған болуы керек.
Шеттері – барлық жағынан 2 см, Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12.
Қатараралық интервал – бірлік. Абзац: 1,25 см.
Баяндаманың соңына əдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған əдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.]. ағылшын тіліндегі нұсқасында үтір орнына нүкте қойылады, мысалы 1,2 – деп көрсетілген сілтемені 1.2. етіп түзету керек.
Мəтін құрылымы Мақала атауы, Түйін, IMRAD – мұндағы I – Introduction (кіріспе), M – Methods (əдіс-тəсілдер), R – Results (зерттеу нəтижелері), A – жəне, D – conclusion+ discussion (қорытынды, нəтижелерді талқылау жəне тұжырым), əдебиеттер тізімі үлгіге сəйкес рəсімделуі шарт.
Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын maldybek.aqmaral@iuth.edu.kz, nurlybek.zhanykulov@ayu.edu.kz электронды пошталарына жіберу керек.
Ұсынылған материалдардың дұрыстығына авторлар жауапты болады. Ұйымдастырушылар талаптарға сəйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген жəне талапқа сай рəсімделмеген мақалаларды жариялаудан бас тартуға құқылы.
Əр қатысушыға конференцияның электронды жинағы жəне сертификаты ұсынылады.
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті!
Мақаланы рəсімдеу үлгісі
КƏСІПОРЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ
(ортада мақаланың толық атауы бас əріптермен жазылады)
(автордың аты-жөні, ғылыми дəрежесі, атағы, жұмыс орны, E-mail)
Түйін. 50 сөзден кем емес, алдымен, мақала жазылған тілде, содан кейін қазақ немесе орыс, ағылшын тілдерінде орын алады.
Кілт сөздер. Əрбір түйіннен кейін түйін жазылған тілде 5 сөз.
КІРІСПЕ.
Мəтін… Мəтін… Мəтін…
Тақырыпшалар – сол жақтан, қалың жəне бас əріптермен.
Əдебиеттер тізімі:
Смағұлова С.Ө. Қазақ хандығы мен «Мəңгілік ел» идеясы // «Қазақстан мемлекеттілігінің эволюциясы жəне «Мəңгілік ел» идеясы» атты дөңгелек үстел. Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты. – Алматы, 2015. – 8 қыркүйек.
Смағұлова С.Ө. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы медреселер: оқыту жүйесі мен діни оқулықтар // Международная научно-теоретическая конференция «Духовная жизнь Казахстана: история и современность». Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК. – Алматы: 2015. – 22 октября.
Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда (газ.). – Алматы, 2003.–10 декабря.