ТАКТИКА

ӘСКЕРИ ӨНЕР

Тактиканың маңызды міндеттері

  • Бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардың тұрақты жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

  • Әскер түрлерінің және арнаулы әскердің ұрыс жүргізудегі теориялық-тәжірибиелік дайындығын қамтиды;

  • Соғыстың бастапқы кезеңінде ұрыс қимылдарын жүргізу тәсілдерін әзірлеу және жетілдіру;

  • Қарсыластың күштері мен құралдарын, олардың ұрыста қолданылуын, сондай ақ әртүрлі ұрыс түрлерін жүргізу;

  • Қарсылас әскердің ұйымдастырылуын, іс-қимыл тактикасын және әскери техникалары мен қаруының күшті және әлсіз тұстарын анықтау;

  •  Ұрыстағы басқару және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерін зерделеу;

  •  Әртүрлі жағдайларда оларды шешу бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу;

  • Әскерлердің ұйымдық-штаттық құрылымына және жауынгерлік даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды әзірлеу.

Тактикалық дайындық

Теориялық тактика- ұрыстың мазмұнын, мәнін, заңдылығын зерттейді, ұрыс жүргізу дайындығының тәсілдерін дайындайды, бөлімдер және құрамалардың, бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін оқытады. Тактикалық тәжірибе- командирлердің әрекетін, штабтар және әскерлердің ұрыс жүргізудегі дайындығын қамтиды.

Тактикалық дайындық- бұл жеке құрамды бөлімшелерді, бөлімді және құрамаларды, сонымен қатар органдардың ұрыс жүргізуі мен дайындықтарын басқаруы. Тактикалық дайындыққа басқа барлық пәндерді оқу кірістірілген. Бұл әскерлерді үйретудің, даярлық дағдыландырудың негізі болады.

ҰРЫС КЕЗІНДЕГІ МАНЕВР ТҮРЛЕРІ

Маневр – қарсыласқа қатысты ұтымды орналасу және қажетті күштер мен құралдардың топтамасын құру мақсатында әскерлердің ұрыс барысындағы ұйымдастыруы қозғалысы, сондай-ақ соққылар мен атысты карсыласты ең тиімді зақым үшін ауыстыру немесе кайта көздеу (шоғырландыру, бөлу).

Маневр түрлері: қамту, айналып өту, шегіну және күштермен, құралдармен және атыспен маневрлеу.

Күштермен және құралдармен маневрлеу – атысты қарсыластың ең осал жерінен жүргізу немесе оның қапталына және тылына шабуылдау үшін ұтымды орналасу мақсатында жүргізіледі. Күштермен және кұралдармен маневрлеу түрлеріне қамту, айналып өту, оларды үйлестіру және шегіну жатады.

Қамту– шабуылдау үшін қарсылас қапталына шығу мақсатында жүзеге асырылатын маневр түрі. Ол, әдетте, майданнан әрекет етуші бөлімшелермен тығыз атыс және тактикалық өзара әрекеттестікте жүргізіледі.

Айналып өту – шабуылдау үшін қарсылас қапталына шығу максатында жүзеге асырылатын маневрдің одан көрі тереңірек түрі. Ол, әдетте, майданнан әрекет етуші бөлімшелермен тек такти- калық өзара әрекеттестікте жүргізіледі.

Шегіну – өз әскерлерін қарсылас соққылары астынан шығару және оған қатысты одан көрі ұтымды орналасу мақсатында қолданылатын мәжбүрлігі басымырақ маневр түрі.

 

АТЫСПЕН МАНЕВРЛЕУ

Атыспен маневрлеу– взвод атысын бір маңызды нысанаға шоғырандырудан, атысты бір нысанадан екіншісіне дер кезінде ауыстырудан және бір сәтте взводтың атысты бірнеше нысаналар бойында жүргізуінен тұрады.

  1. Атысты шоғырландыру

  2. Атысты жаңа нысанаға ауыстыру

  3. Атысты бірнеше обьектіге жүргізу

Атысты шоғырландыру – бір уақытта бір маңызды мақсат бойынша бірнеше атыс құралдарымен немесе бөлімшелермен атыс жүргізу.

Атысты жаңа нысанаға ауыстыру – бір мақсат бойынша оқ атуды тоқтату және алынған қашықтық пен бағыт түзетулерін ескере отырып, оқ ату позицияларын ауыстырусыз екінші мақсат бойынша ашу.

Атысты бірнеше объектіге жүргізу – әрбір оқ ату құралымен (бөлімшемен) өз мақсаты бойынша от жүргізу.

ЖАЛПЫ ӘСКЕРИ ҰРЫС

Заманауи ұрыс – жалпыәскери болып табылады.

Жалпы әскери ұрыс – әскери операцияның негізін құрайды, ол құрлық әскерінің әскери тектері мен арнайы әскер құрамаларының, бөлімшелері мен бөлімдерінің күштері және Қарулы Күштердің басқа әскер түрлерінің (әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлері, әскери теңіз күштері) іс-қимылдарымен біріктіріліп және үйлестіріліп жүргізілетін ұрыстың негізгі түрі.

Заманауи жалпыәскери ұрыс талап етеді

  • Жауынгерлік және арнайы техниканы шебер қолдануды;

  • Жоғары жылдамтықты және ұйымдастырушылықты;

  • Моральдық және дене күштерін барынша күшейтуді;

  • Жеңіске деген қайтпас жігерді;

  • Қатаң тәртіпті;

  • Жауынгерлік ынтымақтастықты.

Жалпыәскери ұрыс сипатталады:

  • Жылдамдығымен, жоғарғы маневрлігімен;

  • Кернеулігімен және табандылығымен;

  • Жер мен ауадағы жауынгерлік іс-қимылдарды өрістетумен;

  • Күрделі тактикалық жағдаймен, күрт өзгерістерімен;

  • Бір мезгілде барлық тереңдікке от және радиоэлектрондық әсермен, жауынгерлік міндеттерді орындаудың қолданылатын тәсілдерінің әртүрлілігімен.

Жалпыәскери ұрыс жүргізіледі

  • Заманауи жалпыәскери ұрыс талап етуімен;

  • Ядролық және жаппай қырып-жою қаруын қолданумен;

  • Физикалық қағидаларды пайдалануға негізделген қаруды қолданумен

БІР ОРЫНДА ОҚ АТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Бір орында оқ ату кезінде атқыш жергілікті жердің жағдайына және қарсыластың оқ атысына байланысты, келесі жағдайлар қабылдайды:

  1. Тұрып ату

  2. Тізеден ату

  3. Жатып ату

 

 

 

Ұрыс алаңында жүріп-тұру

Сарбаздар ұрыс даласында қозғала алады

  • Жылдамдатылған адыммен;

  • Жүгіреумен (толық бойға немесе еңкейіп);

  • Жүгіре жылжумен;

  • Еңтептеп өтумен.

Атысқа оңтайландыру қамтиды:

  • Атуға арналған жағдайды қабылдауды;

  • Автоматты оқтауды.