ШАБУЫЛҒА КӨШУ ТӘСІЛДЕРІ

ШАБУЫЛДАҒЫ МОТОАТҚЫШТАР БӨЛІМШЕСІ (МАБ) ЖАУНГЕРЛІК ТӘРТІБІ

ЖӘНЕ ЖАУНГЕРЛІК МЕНДЕТІ

Жаяуәскердің ұрыс машинасы – қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен жоюға, табанды ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдауға және бөлімшенің жеке құрамын тасымалдауға арналған

БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІНІҢ ЖҰМЫСЫ

Міндетті алғаннан кейін, бөлімше командирі:

• оны ұғынады;

• жағдайды бағалайды;

• міндеттерді белгілейді;

• жеке құрамға жауынгерлік бұйрық береді;

• бөлімшенің шабуылға дайындығын ұйымдастырады;

•жеке құрамның, қару-жарақ пен техниканың жауынгерлік міндетті орындауға дайындығын тексереді;

• взвод командиріне ұрысқа дайындығы туралы баяндайды.

Қарсыласпен тікелей жанасу қалпынан шабуылға көшу барысында шабуылға бастапқы жағдай болып, әдетте траншея болып табылады.

Ұрысты жүргізу үшін бөлімшелер ұрыс тәртібі деп аталатын белгілі бір сап түзейді. Ұрыс тәртібінің сап түзеуі алынған жауынгерлік міндетке, қарсылас әрекеттеріне, күштер мен құралдарының бар болуына және жер сипатына байланысты болады.

Бөлімшенің ұрыс тәртібі тізбектен және БМП (БТР) тұрады. Сарбаздар арасындағы арақашықтық 6-8 м (8-12 адым), ал бөлімшелер арасындағы арақашықтық 50 м дейін болуы тиіс.

Ұрыс алдында бөлімшеге жауынгерлік міндет қойылады, онда шабуылдау объекті және одан әрі шабуылдың бағыты көрсетіледі.

Бөлімше командирі шабуыл басталғанға дейін бөлімшені алдағы ұрысқа дайындайды, ал жауынгерлік міндетті алумен ұрысты ұйымдастырады.

ҚАРСЫЛАСПЕН ТІКЕЛЕЙ ЖАНАСУ ҚАЛПЫНАН ШАБУЫЛҒА КӨШУ

ШАБУЫЛДАҒЫ МАВ ЖАУЫНГЕРЛІК ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАУЫНГЕРЛІК МІНДЕТІ

Мотоатқыш (танкі) взводына шабуылда көрсетіледі:

  • шабуылдау нысанасы;

  • шабуылды жалғастыру бағыты;

  • жауынгерлік міндетті радио арқылы қою барысында взводқа (бөлімшеге, танкіге) тек қана шабуылды жалғастыру бағыты көрсетілуі мүмкін.

Мотоатқыш взводының (бөлімшесінің) шабуылдау объектісі болып табылады:

  • окоптағы немесе тірек пунктінің басқа да фортификациялық құрылыстарындағы қарсылас.

  • шабуылдау бағытында бөлек орналасқан қарсыластың танкілері, қаруы, пулеметтері және де басқа да атыс құралдары.

    МАВ 300 м дейінгі майдан шебінде шабуылдайды. МАБ 50 м дейін майдан шебінде шабуылдайды, бөлімшелер арасындағы арақашықтық 50 м дейін болады.

ВЗВОД КОМАНДИРІНІҢ ЖҰМЫСЫ

МАВ КОМАНДИРІ ЖАУЫНГЕРЛІК МІНДЕТТІ АЛЫСЫМЕН

  • ОНЫ ҰҒЫНАДЫ;

  • ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАЙДЫ;

  • ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ;

  • АЛДЫН АЛА БАРЛАУ ЖҮРГІЗЕДІ;

  • ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА ЖАУЫНГЕРЛІК БҰЙРЫҚ БЕРЕДІ;

  • ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ, ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ;

  • ЖЕКЕ ҚҰРАМНЫҢ, ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ҰРЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ;

  • ВЗВОДТЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК МІНДЕТТІ ОРЫНДАУҒА ӘЗІРЛІГІН ТЕКСЕРЕДІ;

  • РОТА КОМАНДИРІНЕ ҰРЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАЙДЫ.

Взвод шабуылына бірқатар тактикалық МІНДЕТТЕРДІ ретімен орындау кіреді, олардың ішіндегі негізгі болып табылатындар:

  • шабуылдау үшін бастапқы қалыпқа тұру;

  • шабуылға көшу шебіне шығу, ұрыс тәртібі элементтерін жаю және қарсыласпен жақындасу;

  • инженерлік бөгеттерден және табиғи кедергілерден өту ;

  • корсетілген объектіні шабуылдау және басып алу шабуылды қорғаныс тереңдігінде дамыту және қарсыластың ізіне түсу.