Қонақ дәрісі: Салауатты өмір салтын сақтау

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Салауатты өмір салтын сақтау» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Туризм мектебінің оқытушылары Ш.Нурмухамедова мен У.Кенжебаеваның ұйымдастыруымен болған жиынға университет білімгерлері мен қызметкерлері қатысты.

Қонақ дәрісінде Бақашбаев Әділ, Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары,  Түркістан облысы «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК дәрігер эпидемиолог мамандары – Эртаева Азиза, Кенжегулов Марат, Адамбек Айбек болды.

Өткізілген іс-шараның мақсаты – студенттерге салауатты өмір салтын сақтау, денсаулықты күту, тазалық сақтау, қатерлі дерттер, тән сұлулығы мен жан сұлулығы, лас істерден аулақ болу, зиянды әдеттер және оның салдарынан белең алып жатқан қоғамдағы қылмыстық істер бойынша пікірлерін ортаға салу.