Білім алушылардың назарына!
Әскери кафедраға құжат қабылдау жалғасуда. Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес Қазақстан Республикасының азаматтары – ЖЖОКБҰ-да күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын білім алушылар жіберіледі.
- запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші курс студенттерінен қабылдананды.
- запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші курс студенттерінен қабылданады.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізбегі:
- Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).
- Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі).
- Көлемі 3х4 сантиметр фотосурет – 4 дана.
- Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (eGOV).
- Факультетте және мамандығын көрсете отырып, ЖЖОКБҰ-да нақты оқитыны туралы анықтама.
- Жеке істі рәсімдеуге – 2 жәй файл.
Қосымша сұрақтар бойынша Әскери кафедраға келуді өтінеміз (Оқу корпусы)