Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында жиын өтті.
Жиынға заң ғылымдарының магистрі, «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағанбетқызы және университет психологы Дилафруз Эрметова қатысып, студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары, оны заң аясында шешу жұмыстары туралы арнайы дәріс өтті.
Шарада жемқорлықтың мемлекет пен қоғам дамуына тигізер зияны, онымен күреспесе мемлекетте өсіп-өркендеу болмайтындығы айтылды. Халықтың сауатын арттыру, құқықты түсіндіру жұмыстарының сапасын арттырудың маңыздылығы алға тартылды.
IUTH медиа және PR орталығы