Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен облыс жастары, оның ішінде студент жастар арасында есірткі қылмыстарына профилактикалық дәріс өтті.
Казіргі кездегі синтетикалық есірткілердің көп таралуы туралы бейне-дәрісін көрсете отырып, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері мен нарколог-дәрігерлердің, психолог мамандардың қатысуымен есірткіге және нашақорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары мен дәріс сабақтары жүргізілді.
Есірткіге тәуелділікпен қоғам болып күресу аса маңызды. Ата-бабаларымыздың сан мыңдаған жылдар бойы бейбіт күнді армандағанын, азаттық жолында ұлт болашағы үшін жандарын қиғанын, жерімізді, елдігімізді, бірлігімізді сақтап, оны ұрпағына аманат етіп қалдырғанын түйсігімізбен сезініп өтуііз керек. Аманатқа қиянат жасамай, мағыналы өмір сүріп, бейбітшілігімізді мәңгілік етуге атсалысуымыз қажет. Ал, бұл аманатты тек есірткісіз қоғамның ақжүрек, адал ұрпақтары орындай алады.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізіп болашақ ұрпағымызды сақтап қалу өз қолымызда!