Таиланд, Prince of Songkla University 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Prince of Songkla University (PSU), Таиланд:

  • Таиландтың үздік жоғары оқу орындарының бірі;
  • Бұл 1967 жылы құрылған мемлекеттік мекеме;
  • Prince of Songkla University кампустары төрт қалада орналасқан. 1968 жылы Паттаниде алғашқы кампусы құрылды. Одан кейін 1971 жылы Хатъяй қаласында ашылған. Оқу орнының бас ғимараты болып табылатын аталмыш кампуста қазір Prince of Songkla University студенттерінің 50%-дан астамы оқып жатыр. Ал одан басқалары 1977 жылы Пхукетте, сондай-ақ, 1990 жылы Сурат Таниде құрылды.

Prince of Songkla University ұлттық ретинг бойынша 8 орында тұр. QS – халықаралық үздік университеттердің ішінде 885 орында. Ал Webometrics Ranking мәлімдемесінде аталған оқу орны 624 орында орналасқан.

Конкурсқа кімдер қатыса алады:

2-3 курста оқитын білім алушылар;

Қаржылық шарттары:

– тек бір ғана білім алушы оқу ақысын төлеуден босатылып, бағдарламаға қатыса алады. Ал алмасу бағдарламасына қатысуға ниет білдірген басқа 5 білім алушы Prince of Songkla University оқу орнында білім алу, өтініш беру және академиялық алым шығындарын өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс;

– жатын орны, ұшақ және виза шығындары білім алушының қаражаты есебінен төленеді.

Қажетті құжаттар:

  1. төлқұжаттың түрлі-түсті көшірмесі;
  2. 3 тілдегі транскрипт (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)
  3. Шет тілінің деңгейін растайтын сертификат (бұл IELTS/TOEFL сертификаты немесе шет тілінің деңгейін растайтын кемінде В2 деңгеіндегі тіл орталықтарының сертификаттары болуы мүмкін);
  4. CV (түйіндеме).

Конкурсқа қатысуға өтінім беру:

Барлық құжат PDF форматында электронды нұсқада international.office@iuth.edu.kz поштасына жолдануы қажет. Электронды хаттың тақырыбын міндетті түрде «Академ.моб. ВЕСНА 2023-2024» деп белгілеңіз.

Дедлайн: 28 қыркүйек 2023 жыл.

Академиялық ұтқырлық бағдарлама конкурсына құжаттарды international.office@iuth.edu.kz поштасына толық жолдаған білім алушы жіберіледі. Егер құжаттар толық болмаған жағдайда білім алушы конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Қосымша:

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (оқу корпусы, 209 каб.) немесе мына нөмір бойынша +7 778 618 74 72 (Дильмуратқызы Әсел) жүгіне аласыз.

Ескерту:

Құжаттарды толық дайындап, бір рет қана жіберуге мүмкіндігіңіз бар. Екінші рет түзетіліп жіберілген құжаттар есепке алынбайды.