Білімі:
- 1991 – 1998 жылдары «Астана мемлекеттік медицина академиясы» «Емдеу ісі» мамандығын бітірді.
- 1998 ж. (Қыркүйек-желтоқсан). Астана мемлекеттік медицина академиясында «Терапевт» мамандығы бойынша интернатура өтті.
- 2000 – 2004 жылдары «Астана мемлекеттік медицина академиясы» «Патологиялық физиология» кафедрасының аға лаборанты, кейін ассистенті.
- 2004 – 2005 жылдары «Астана мемлекеттік медицина академиясының» «№1 Ішкі аурулар» кафедрасының ассистенті қызметін атқарды.
- 2005 – 2023 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Медицина» факультеті «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасының доцент міндетін және 2013 жылдан бастап «Симуляциялық орталық» басшысы қызметін атқарды.
- 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап – Халықаралық туризм және меймандостық университеті «Дене шынықтыру және спорт» мектебінің қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы қызметінде.
Жарияланымдары:
Халықаралық және отандық жарияланымдары: 30 дан аса жарияланымдар, 3 оқу құралы, 32 оқу әдістемелік құрал, 1 авторлық куәлік.
Біліктілік арттыру курстары:
- Туркия республикасы, Кайсерия қаласы. РЖС университетінде 2018 жылы 2 апта көлемде біліктілік жетілдірді.
- «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша сабақ беру және бағалау». Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті.
- Инклюзивті білім беру. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті.
- Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті.
Оқытатын пәндері:
Анатомия және жас ерекшелік физиологиясы, Анатомия және спорттық морфология, Емдік денешынықтыру, Бейімделген дене шынықтырудағы дәрігерлік бақылау. Спорттық медицина.