Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Қонақжайлылық мектебі Болон декларациясына, кредиттік білім беру жүйесіне сәйкес бакалавриаттың 3 білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды:
Мектепте жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді, бұл осы саланың дамуына ықпал етеді. Мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы 6 экономика ғылымдарының кандидаты, 1 DBA, 1 PhD, 6 ғылым магистрлері және 5 тәжірибелі қонақжайлылық саласының практик мамандарынан тұрады.
Студенттердің білім деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік құрылымдардың, бизнес-ұйымдардың өкілдері оқу және ғылыми процеске тартылды. Сондай-ақ, 2024-2025 оқу жылына арналған оқу жоспарлары қазіргі заманғы экономикалық және өзге де өзгерістерді, бизнес өкілдерінің талаптарын, оның ішінде кәсіптік стандарт жобасының (“Атамекен”Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы әзірлеген) негізгі талаптарын ескере отырып әзірленді.
“Қонақ үй және мейрамхана бизнесі”, “Ивент-менеджмент” және “туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру” білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және отандық бизнес өкілдері белсенді қатысады.
Теориялық білімді нығайту үшін мектепте дуальды білім беру жүйесі жұмыс істейді, онда қолданбалы сипаттағы кейбір дәрістер мен практикалық сабақтар “Каравансарай”, “Top Tobe”, “Hampton by Hilton”, “Rixos” сияқты өндіріс базаларда жүргізіледі, бұл білім беру бағдарламаларының деректерін тереңірек зерттеуге ықпал етеді. Сондай-ақ, студенттерге жазғы демалыста шарттар жасалған Шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибелері негізінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.
Мектеп Директоры:
Алимкулова Эльвира Сихимовна – Қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, э.ғ.к
Мектеп әдіскерлері:
Кусбатырова Рабига Нурмановна
Абылова Молдир Курбаноқызы