«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» конкурсының республикалық кезеңіне үміткерлер ұсынылды

2026 жылғы 20 қарашада Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ғылыми кеңесі конкурстың республикалық кезеңіне университет атынан екі үміткерді ұсыну туралы шешімді бірауыздан қабылдады.

– Кенджаева Балнур Балабековна — «Тіл» мектебінің қауымдастырылған профессоры.
– Нахипбекова Сымбат Абдраимқызы — «Туризм» мектебінің директоры, қауымдастырылған профессор.

Үміткерлерімізге республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!