
Әскери кафедраға 2026 жылы құжаттарды тапсыру мерзімі мен іріктеу комиссиясының жұмысы туралы
АҚПАРАТ
Іріктеу «Әскери кафедра (әскери факультет) қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 1576 бұйрығына және «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Іріктеу комиссиясы әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізіледі.
Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түсу (қабылдау) 2026 ж. 1 ақпанынан бастап үлгі бойынша ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелгенде және порталдың есептік жазбасына қосылғанда электрондық цифрлық қолтаңба қойылған не бір реттік парольмен куәландырылған www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.
Өтінішті қабылдау оқуға түскен (қабылданған) 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.
Әскери даярлық бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған азаматтар әскери кафедрада оқуға түскен 2027 жылдың 1 ақпанынан бастап сабаққа кіріседі.
Әскери даярлық мерзімі:
Запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:
Запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу процесі төрт кезеңде жүзеге асырылады:
Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Қосымша ақпарат үшін:
Әскери кафедра мекен-жайы: Түркістан қ., Рабиға Сұлтан Бегім, 14А
Оқу корпусы 0-этаж 5 каб.
Жұмыс уақыты: 9.00 – 17.00 дейін күнделікті.
Сенбі, жексенбі – ДЕМАЛЫС
Тел.: 8 (700) 601-80-80