Жас ғалымдардың жетістігі: Туризм мектебінің магистранты ҒЗЖ республикалық конкурсында жүлделі орынға ие болды.

2025–2026 оқу жылында Тұран-Астана университетінің базасында 7M11101 – «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы өтті. Байқау қорытындысы бойынша Туризм мектебінің 2-курс магистранты Джарилкасинова Айжанар ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Жас зерттеуші республикалық деңгейде өзінің ғылыми жұмысының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын жоғары деңгейде көрсете білді, бұл конкурс комиссиясының мүшелері тарапынан жоғары бағаланды.

Жобаның ғылыми жетекшілері:

Нахипбекова Сымбат Абдраимқызы — PhD, қауымдастырылған профессор;

Ыдырыс Серікбай Сәдуақасұлы — экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Зерттеу жұмысының сапалы орындалуы және конкурсқа сәтті қатысу ғылыми жетекшілердің кәсіби қолдауының, жүйелі тәлімгерлігі мен тиімді басшылығының арқасында мүмкін болды.

Ғылыми-зерттеу орталығының ұжымы Джарилкасинова Айжанарды және оның ғылыми жетекшілерін лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Жаңа ашылымдар, жемісті ғылыми қызмет және академиялық салада бұдан былайғы табыстар тілейміз!