
Шымкент қаласында пауэрлифтингтен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында қуанышты жаңалыққа куә болдық. 105 кг салмақ дәрежесінде бағын сынаған университетіміздің профессоры Анарбаев Алмас Қазбекұлы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 142,5 кг салмақты сәтті бағындырып, жарыстың жеңімпазы атанды.
Бұл – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар оқу орнымыздың абыройын асқақтатқан үлкен жеңіс. Профессорымыздың табандылығы, еңбекқорлығы мен спортқа деген адалдығы баршамызға үлгі.
Алмас Қазбекұлын осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Университетіміздің мерейі әрдайым үстем болсын! Алмас Қазбекұлын баптап дайындаған бапкер ауыр атлетикадан КСРО спорт шебері Сатенов Еркін Ибадуллаұлына алғыс білдіреміз.
Университет басшылығы, ұжымы және білім алушылары Алмас Қазбекұлын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Біз Сіздің жетістігіңізді мақтан тұтамыз және спорттық айдында да, ғылым жолында да жаңа рекордтарға жете беруіңізге тілектеспіз!