ICSEST халықаралық ғылыми конференциясына қатысу

2025 жылғы 4–11 қараша аралығында жоба жетекшісі Абдрахманов Рустам Бахтиёрулы және жоба орындаушысы Сұлтан Данияр Рахманқұлұлы Туркия Республикасы, Стамбул қаласында өткен инженерия, жаратылыстану және технология салаларындағы заманауи зерттеулерге арналған ICSEST халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

Конференция барысында AP23488900 «Жасанды интеллектті қолдана отырып, әлеуметтік желілерде жастар арасында кибербуллингті автоматты түрде анықтау» гранттық жобасы аясында «Lexicon Enhanced Transformer Bi-LSTM Model for Detecting Cyberbullying in Kazakh Textual Data» тақырыбында баяндама жасалып, халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерімен тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.