XIII Жазғы Универсиада ойындарында балуандар белдесті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде өтіп жатқан XIII Жазғы Универсиада ойындары өз мәресіне таяп келеді.

Қазақ күресі бойынша ерлер және әйелдер арасында ұйымдастырылған тартысты жарысқа 37 командадан 259 балуан қатысуда.
Жарыс аяқталар шақта бозкілемде мықтылар бар күш-жігерін салып, намысты қолдан бермеуге барын салуда.

Барлық балуандарға сәттілік тілейміз! Жеңіс пен жігер жолдас болсын!