
Университетімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің сыйы-Анаға» атты мерекелік кеші өтті. Аталған шарада оқу орда басшысы Әлібек Жұмабекұлы барша аяулы қыз-келіншектерді айтулы мерекемен құттықтап жылы лебізін білдірді.
Ерекше шара ары қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Онда жүрек тебірентер әсерлі көріністер мен көңілдің күйін шерткен әуезді әндер шырқалды.