
Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Таңғы ас форматындағы “Open Call by Rector” кездесуі өтті.
Онда оқу ордамыздың Спорттық туризм мамандығы @iuth.st2401 тобы көп ішінен Чат бот арқылы таңдалып, ректормен таңғы ас ішу мүмкіндігіне ие болды.
Білім алушыларымыз бір дастархан басында өздерін еркін сезініп, сұрақтарын ашық қойып, университеттің дамуы үшін ұсыныстарын жеткізе білді.
“Open Call by Rector” кездесуі еркін сұхбаттасу, жаңа идеяларды ортаға салу және болашаққа бірге қадам жасауға арналған тамаша алаң.
Айта кетейік, ерекше форматтағы ректормен таңғы ас ай сайын өткізіліп отыратын болады.