Университетімізде туризм саласы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің өкілдері мен байқаушылары қатысқан семинар-тренинг өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде туризм саласы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің өкілдері мен байқаушылары қатысқан семинар-тренинг өтті.

Аталған шараның мақсаты, туризмді дамытудың басым бағыттарын айқындау, туризм және қонақжайлылық саласында кадрлар даярлаудың жаңа тәсілдерімен бөлісу, өзара тәжірибе алмасу, сонымен қатар аталған саланы цифрландыру.
Семинар-тренингке Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан елдерінің өкілдері қатысты.